"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адал ұрпақ

 

№3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясының «Атамекен» балалар ұйымымен , «Адал ұрпақ»  клубының«Жас Ұлан»  балалар бірлестігінің

 жұмыс есебі

Мектебіміздің «Атамекен» балалар ұйымымен  «Жас қыран» , «Жас Ұлан» балалар бірлестігінің жұмысы уақытылы жоспар бойынша жүргізілуде «Мен сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!» іс шара бойынша Жас ұлан көшбасшылары мен Адал ұрпақ клубының мүшелері видеоролик түсіріп, сынып жетекшілері сынып сағаттары мен пікір-таластар өткізді. 1 қазан күні Жас ұландықтар «Қарты бар ел - қазыналы ел!» атты үлкен іс шара ұйымдастырып, кешімізге ел əжелері мен аталарын, қарт ұстаздарды қонақ етіп шақырып, мектеп ұстаздары мен оқушыларының ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалатып, ақ дастархан жайып, жас кездерін естеріне түсіретіндей сəттерге бөледік. Қазақтың қара домбырасымен құйқылжыта əн салған Талғат Болатұлына қариялардың айтқан алғысы шексіз болды.

Мектебіміздің Жас ұландықтары мен Адал ұрпақ клубының көшбасшылары Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып, сонымен қатар ұжым мүшелері Жұқан Амандық апамыздың үйіне қонаққа барып, сұхбат жүргізді. Апайымыздың қолөнері мен өмірімен таныса өтті. Ұстаз - ұлы тұлға! атты мектебіміздің ұстаздарына мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шара мектеп-гимназия директоры Хасенова Мадина Белгібайқызының құттықтау сөздерімен басталып, ұстаздарымызға ерең еңбектері үшін мадақтама, алғыс қағаздары табыс етілді. Мереке өз жалғасын оқушыларымыз əзірлеген концерттік бағдарламамен үлесті.Мектебімізде өзіндік басқару күні ойдағыдай өтті. Оқушылар ұстаздарымызды есік алдынан құттықтап, қарсы алып, өздерінің əзірлеген бағдарламалары бойынша квест ойыны ойналды, сонымен қатар алғашқы əскери дайындық пен дене шынықтыру сабақтары өткізіліп, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

«Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбында Жас ұландықтар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізілді. Оқушыларға бейнефильмдер көрсетіліп, ескерту, хабардар ету жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Қыз - үйде, қылығы – түзде» тақырыбында 7-9 сынып қыздарының жиналысы өткізіліп, қыз тəрбиесі мен қылығына байланысты тəрбиелік жұмыстар жүргізілді. Мектебіміздің 1 сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат жүргізілді. Кітапханашы Шынар Естаевнаның жетекшілігімен бүлдіршіндерді "Балдырған", "Айгөлек" журналдарымен жəне де электронды оқулықтармен таныстырды. Ертегі əлеміне саяхат жасалынып, ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып, оқушыларды үлкен қызығушылыққа бөледі. Қазақтың белгілі жазушысы Шерхан Мұртазаны еске алу мақсатында мектеп кітапханасында көрме жайылып, автор жайлы ақпарат айтылып, кітаптарына шолу жасап, оқушыларға деректер беріліп, видео көрсетілді.

            Мектебіміздің «Атамекен» балалар ұйымымен  «Жас қыран» , «Жас Ұлан» балалар бірлестігінің жұмысы уақытылы жоспар бойынша жүргізілуде.  Қаңтар айында жоспар бойынша ұйым мүшелерінің жиналысы «Ел ертеңі - білімді жастар»атты тақырыпта өтті. Ел болу — болашаққа ашылған даңғыл жол. Ұлттық тәрбие — ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Мақсаты — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.«Спорт денсаулық кепілі»  демекші, қаңтар айында дене шыңықтыру пәнінің мұғалімі Ахметов С.К. «Көңілді старт» қысқы ойындар сайысын ұйымдастырды.  Бірнеше топ құрылып, эстафеталық жарыстар, волейбол ойынынан сайыстар ұйымдастырылды. Әр топ бірінші болып мәреге жетуге және жеңімпаз болуға тырысты.  Ақпан айында мектеп ішіндегі өткізілген іс  шара  «Әке – асқар тау, ана –мөлдір бұлақ, бала –жағасындағы құрақ» аталар-әжелер клубының мүшелерімен кездесу акт залында өткізілді.  Қаңтар айында« Жайдарман» көңілді тапқырлар сайысы болды. Сол сайыста оқушылар жеңімпаз атанды.  Мектеп ішінде  өтілген іс- шаралардың бірі «Хип-хоп» би сайысы осы сайысқа оқушылар белсене қатысып, биге деген құштарлықтарын көрсетті. Ақпан айында болған «Ертегі қойылымдары» өтті. Оған оқушылар белсене қатысты.  Оқушылар жақсы көрініс көрсетті.  Тағы ақпан айында өткізілген іс шаранын бірі ол «ХХI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді. Берілген тапсырмаларды орындай алды, қойылған сұрақтарға жауап берді.Онда оқушылар білімге деген құштарлықтарын көрсете білді.  Мектепте ақпан айында  Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Оқушылар Ауған соғысының ардагерінің әңгімесін тыңдап, сұрақтарын қойды.  Сынып жетекшілері  «Ауған қасіреті» Кеңес Одағының соңғы соғысы 1979-1989ж тақырыптарына  сынып сағаттарын өткізді.   «ЖасҰлан » және «Жас Қыран » бірыңғай балалар ұйымы ұйымдастырған «Талантты Жас Ұлан» жаңашыл көрмесі өтті.  Ұйым мүшелері  бірлесе жұмыс атқарды. Мектепте «Жас Ұландар жырлаймыз» өлеңдер сайысы болып. Оқушылар өлеңдер сайысында өз өнерлерің көрсетті.

            Жоспарға сай наурыз айында өткен «Ризашылық күніне» арналған бейнебаян Жас ұландықтармен жасалды. Ата-аналарға, ұстаздарға, оқушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Оқушыларға арнайы сенім жәшігі қойылды оқушылар белсене қатысты.  «Асыл ана» батыр аналармен кездесу ұйымдастырылып,  8 – Наурыз  халықаралық әйелдер мейрамына арналған «Ана – өмірдің шуағы»  атты мерекелік концерт өткізілді. Іс шара «Сыйынар ем ана тәңірге!» аналар сайысымен басталды. Бұл сайыстың мақсаты : Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп,оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Сайысқа 6 ана қатысты. Сайыс 5 турдан тұрды. Бірінші тур өзін-өзі таныстыру, 2 ші тур :өз өнерінді көрсет.  Аналар барлық өнерлерін ортаға салды.  Біреуі домбырамен,біреуі жанды дауыста ән айтып аналар өз өнерлерін көрсетті. 3 ші тур: Тығырықтан шығу. Сайысқа қатысқан аналарға сұрақтар қойылып , сол берілген  сұрақтарға жауап беру керек. Барлық берілген тапсырмаларды аналар орындады. Әділқазылар олардың өнерлерін бағалап барлық аналарға сыйлықтар табыстап марапаттады.  Мерекеге арналған көрме қойылып, ол көрмеге оқушылар өз қолдарынан жасаған заттарын қойды.  Оқушылар аналарын құттықтап, сыйлықтарын сыйлады.  Әр жыл сайын метебімізде «Қамқорлық» командасының «Қарттар айлығы» барысындағы көмек рейді жасалды. Үлкендерге демеушілік беріп, қол ұшын созу,жалғыз қалған қарияларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тылда еңбек еткен жандарға көмектесіп, қамқорлық жасау мақсаттарын жүзеге асыруда. Біздің мектеп ішіндегі «Қамқорлық» тобы  және «Жас Ұлан» балалар ұйымының ұйымдастыруымен қамқорлық айлығына байланысты кесте құрылды  сол кестеге қарап мектеп тәлімгері мен «Қамқорлық» тобы қарттар үйіне барып қол ұштарын тигізіп қайтты.Мектеп тәлімгерімен қаңтар айында «Қамқорлық» тобы және «Жас Ұлан» ұйымының балалары қарттарға көмек көрсету мақсатында Волкогон Виктор Ивановичтің үйне барып, үй маңын тазалау сияқты жұмыстар атқарды. Ақпан айында Таттығожина Алтын Кенжебаева апамыздың үйне барып көмір отын,ағаштарын жарып, үй алдындағы қарын тазалау жұмыстарын атқарып, үлкен кісілерге қолғабыс етіп, өз көмектерін аямады. 19 наурыз күні мектебімізде «Қош келді,Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шараға байланысты спорттық ойындар өткізілді. Оқушылармен ,ата-аналар ойынға белсене қатысты. Жеңімпаздар марапатталды.  Ұлттық салт-дәстүрдің ерекшешеліктерімен таныстырылып,бесікке салу салт-дәстүрі көрсетілді.  Іс-шарамызды концерттік бағдарламалар уйымдастырылып наурыз мейрамын атап өттік.

            2019 жылдың 9 сәуірінде  № 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында Республикалық біріңғай  Жас Ұлан балалар және жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғырған жастар - ел болашағы!» атты конференция өтті. Конференцияда «Рухани жаңғырған жастар - ел болашағы!» көрмесімен таныстырылды. Көкшетау қаласының білім бөлімінің басшысы Б.Жусупов ашылу салтанатында сөз сөйледі.  Құттықтау сөз Парламент сенатының депутаты, жазушы, «Ақмола тіршілік»  ЖШС директоры  Жабал Ерғалиевке берілді. Жас Ұландықтар өз пікірлерін ортаға салып, презентация жасап, өз ақпараттарымен таныстырды. С.Жүнісов атындағы №18 орта мектеп – лицейінің Республикалық біріңғай Жас Ұлан балалар және жасөспірімдер ұйымының көшбасшысы  Нұрахмет Наргиз Жаңғыру жолындағы жасұландықтар атты жұмысымен таныстырды. Осы конференцияда мынадай сауалдарға Жас ұландықтар өздерінше жауап беруге тырысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бізге не береді? 

Президент Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған Республикалық біріңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты қабылдау рәсімі Красный яр  2 мектебінде өтті. Мектебімізден Жас ұланға 10 оқушықабылдадық. Олардың қатарына : 5 а сыныбынан, Еслямбек Асанали, Тоқанов Ержан. 5 ә сыныбынан Бақыт Ақтұйғын, Мүсәлі Әсия. 5 б сыныбынан Нарбаева Ақмаржан, 6 в сыныбынан Иманмалик Мадияр, 5 в сыныбынан Жансая Анас, Ахабай Мадина .6 ә сыныбынан Елжас Нуриза, Абитаев Берік қабылданды. Қабылдау рәсіміне Жас ұланның галстугы мен төсбелгісін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары    Мукашева Зәуреш Өмірбекқызы тағып, құрметті қонағы болды. Алдағы уақытта жас ұландықтар  мектебімізбен еліміздің үмітін ақтайды деген үміттеміз!

Сонымен қатар Жас қырандықтар арасынан, Көкшетау қаласы білім беру мекемелерінің  3-сынып оқушылары жас қыран көшбасшылары арасында Ұлы Отан соғысының 75-жылдығына , Отан қорғаушылар күніне орай Жастар жылына арналған байқауда Мектебіміздің 3-сынып оқушысы Маратбекұлы Ернар катысып, өзін шығармашылық, әскери жағынан көрсетіп, Жас өнерпаз номинациясымен марапатталды

Көкшетау қаласының  6 мектеп-лицейінде Жас жол инспекторларының 19 слетісіне мектебімізден Жас ұландықтардан 10 оқушы қатысты. Оқушыларымыздың арасында 5-сынып оқушысы Жамбыл Әсем Ең жақсы жолережесін білгіш турынан 1-орын иеленді.

Мектепте сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушыларға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру мақсатында мектеп асханасында Жас ұландықтармен  «Адалдық дүкені» ашылды. "Дүкеннің" басты ерекшелігі — онда сатушының болмауы және сатып алушыларға қандай да бір бақылаудың болмауы.  Мұнда сатылымда шырындар, сусындар мен пісірілген өнімдер қойылады. Қажетті тауарды сатып алушы ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Дүкенге қойылған тауарды сатып алу немесе тегін алып кетуді оқушылардың ар-ожданы біледі!Барлық жауапкершілік осы акция адалдығына есептелген оқушылардың өзіне жүктеледі.

  Мұндай жобаның ашылуы жастардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал етеді және балаларды адалдыққа, парасаттылыққа үйретеді. Жас ұлан мен Атамекен балалар ұйымымен, Адал ұрпақ клубының жылдық жұмыстары жоспарға сай орындалды!

Жаңартылған күні: 15.03.2019 13:22
Құрылған күні: 30.12.2024 14:59

Текст