"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 17 тамыздағы № 371 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29223 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) келесі мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоса беріліп отыр:
1) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне іріктеу өлшемшарттары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес."
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесі:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
|
|
"Қазақтан Республикасы |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне іріктеу өлшемшарттары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі |
А. Аймағамбетов |
|
|
|
Бұйрығына қосымша |
|
Кесте
|
№ |
Өлшемшарттар |
Балл |
|
1 |
Академиялық мәдениет қағидаларын сақтау: - академиялық стандарттарға бейілділік, білім беру, ғылыми және шығармашылық қызметті ұйымдастырудағы адалдық және принциптілік (1 балл); - іс-шараның өзектілігі, жаңалығы, ашықтығы және айқындығы (1 балл); - зияткерлік меншік құқықтарын сақтау (антиплагиат) (1 балл); - прокторинг, бейнетіркеу жүйесінің болуы (1 балл); - іс-шараның барлық қатысушылары үшін құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу, қол жетімділік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету (1 балл). |
1-5 |
|
2 |
Іс-шараны өткізу моделін құру принципі: - өткізу тұрақтылығы мен мерзімділігі (3 жылдан кем емес) (1 балл); - ауқымдылығы (өңірлік деңгейден республикалық, халықаралық деңгейге дейін) (1 балл); - жаппай (әр түрлі жастағы қатысушылардың қамтылуы) (1 балл); - ұсынылған өткізу моделінің әртүрлілігі (өткізу кезеңдері, алаңдарды таңдау, пәндер тобтарын бөлу) (1 балл); |
1-4 |
|
3 |
Іс-шараны қамтамасыз ету шарттары: - өткізу ережелері мен шарттарының болуы (ережелер, нұсқаулықтар, бағдарламалар) (1 балл); - бағалау критерийлерін ескере отырып, өткен жылдардағы мысалдар мен тапсырмалар базасының болуы (1 балл); - көтермелеу жүйесі, өткен жылдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпараттың болуы (3 жылдан кем емес) (1 балл); - іс-шараға қатысушылардың жас нормалары мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестігі (1 балл); - қатысушыларды психологиялық қолдау және сүйемелдеу (1 балл); - қатысушылардың олимпиадалық дайындығы мен өткізу сапасының мониторингінің болуы (1 балл). |
1-6 |
|
4 |
Іс-шараны өткізу шарттары: - олимпиадаға немесе іс-шараларға тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету (1 балл); - қауіпсіз және жайлы ортаны қамтамасыз ету (1 балл); -желілік өзара іс-қимылды (сұрақ-жауаптар, пікірлер) және өткізудің интеграцияланған жүйесін (күндізгі және қашықтықтан) ұйымдастыру (1 балл); - қазылар алқасының сапалы және кәсіби құрамын, оның қызметінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету (1 балл); - өткізу қорытындысы бойынша апелляция жүйесінің болуы (1 балл). |
1-5 |
|
5 |
Дамытушы және ақпараттық орта: - қатысушыларды педагогтердің әдістемелік, ақпараттық қолдауымен қамтамасыз ету (1 балл); - дарынды және талантты тұлғаларды анықтау, мотивациялық орта құру (1 балл); - жариялылық (ұйымдастырушылар мен серіктестер), қатысушылардың, ата-аналардың, ғылыми және педагогикалық, шығармашылық қоғамдастықтың пікірлерінің болуы (1 балл). |
1-3 |
|
6 |
жиыны |
25 |
|
7 |
өту |
20 және одан жоғары |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын (ғылыми жарыстар), орындаушылар конкурстарын, кәсіби шеберлік конкурстарын және спорттық жарыстарды (бұдан әрі – іс-шаралар) іріктеу кестеде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Өлшемдердің болуын және жарамдылығын растау үшін ұйымдар келесі материалдарды ұсынады:
1. Аналитикалық анықтама (масштабын, бұқаралығын, кәсіби мәртебесін, дереккөздерге сілтемелерін көрсете отырып)
2. Іс-шараны өткізудің бекітілген ережелері.
3. Материалдар жарияланған интернет-ресурстарға сілтемелер (электрондық формат):
- іс-шараны өткізу ережелері мен шарттары (ережелер, нұсқаулықтар, бағдарламалар);
- өткен жылдардың мысалдары мен тапсырмалары бар материалдар, бағалау өлшемшарттарын ескере отырып;
- көтермелеу жүйесі, өткен жылдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат (3 жылдық);
- қатысушыларды психологиялық қолдау және сүйемелдеу жұмысының жоспары;
- қатысушылардың олимпиадалық дайындығы мен өткізу сапасының мониторингінің нәтижелері.
Материалдар әр критерий мен дескриптордың болуы мен жарамдылығын растайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК