№ 3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп гимназиясында 2019 жылдың 9-13 желтоқсанында " Алтын Орда жəне Тəуелсіз Қазақстан " тақырыбында тарих апталығы өтіп жатыр. Тарих пәні мұғалімдері Р.К. Шалғынбаева 11 сыныпта "Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты" тақырыбында, Р.М.Нуралинов 6 а сыныбымен "Түркілердің рухани жəне материалдық тарихы" тақырыбында, Б.К. Ахметова 9 б сыныбында "Отбасы жəне неке" тақырыбында ашық сабақтар өткізді. 9 сыныптар арасында "Тұлғаны таны! " атты интелектуалды сайыс өткізілді. Сайыс барысында Алтын Орда хандары, Алтын Орда хандығының саясаты жайында оқушыларға көптеген ақпараттар берілді. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларды Отанын, елін сүйетін, көркейтіп, гүлдендіретін патриоттар тәрбиелеу басты назарға алынды.