"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша есеп

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-сінің  мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы  2023 жылғы есебі

    

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Қызмет көрсету мекемесі: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-сі.

Қызмет көрсету мекемесінің мекенжайы: Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Тәуелсіздік көшесі-10.

Мемлекеттік қызметті көрсететін қызмет алушыға қаетті барлық ақпарат http://sc0021.kokshetau.aqmoedu.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары орналастырылған.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі біріңғай тізілімді құрайды.

2023 жылғы 1 қаңтардағы тіреу  жағдайы бойынша Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ-сінің  мемлекеттік                         6 қызметті қамтиды:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
  2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау
  3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
  4. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»
  5. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
  6. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

2023 жылдың өткен кезеңінде барлығы 537 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Қағаз түрінде - 441, электрондық түрде - 95, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 1.

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»- 95
  2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау-37
  3. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»-0
  4. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»-234
  5. «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»-170
  6. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»-1

     Есепті кезеңде негізсіз бас тартулар болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік процесінің күнделікті мониторингі жүргізіледі.  Мемлекеттік қызмет көрсету бойыша шағым түскен жоқ.

     Халықты ақпараттандыру мақсатында мектеп сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету үшін жауапты тұлғалар жөнінде бұйрық орналастырылған. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат мектептің фойесінде орналастырылған.

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша

2021 жылға арналған есеп

 

1. Жалпы ережелер

          1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы білім бөлімі КрасныйЯр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары. Заңды мекенжайы Красный Яр селосы, Тәуелсіздік көшесі 10.

  2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2020 жылы білім беру ұйымында  362 қызмет көрсетілді:

  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 1;

  электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 99;

  қағаз түрінде көрсетілген  қызметтер саны – 262.

  Білім беру ұйымында  барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

  2021 жылы білім беру ұйымында  472 қызмет көрсетілді:

  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 1;

  электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 101;

  қағаз түрінде көрсетілген  қызметтер саны – 370.

  Білім беру ұйымында  барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мекеме атауы

Барлығы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны

қағаз түрінде көрсетілген  қызметтер саны

2020

362

1

99

262

2021

472

1

101

370

          3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

 «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған 

http://sc0021.kokshetau.aqmoedu.kz/content/otchet-po-gosudarstvennym-uslugam-za-2021-god

https://es.iac.kz/.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ, білім беру мекемесіндегі ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және бөліміалар).

Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Білім беру мекемесі мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған компьютерлік техникалық құрал-жабдықпен  қамтамасыз етілген.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес  білім беру мекемесінде  бақылау іс-шаралары өткізілді.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

  Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

Директор                                                                               Бактыбаева Г.О.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 23.02.2022 15:27
Құрылған күні: 03.03.2025 10:06

Текст