Текст
17 қазан күні Красный Яр ауылының #3 көпсалалы мектеп-гимназиясына «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының маманы Айшуқ Еділ Жұмабекұлы мектеп оқушыларына «Ауыл аймақтарда қайталама шикізатты сұрыптау және жинау бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру» экологиялық жобасымен таныстырды. Бұл жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландыратын «Жергілікті бастамалар – жергілікті бастамалар» жобасы аясында «КАМЕДА» ҚҚ қолдауымен жүзеге асырылуда. Отырыс барысында мектебімізде қоқыс жинайтын жәшіктер орнату жөнінде шешім қабылданып, алдағы уақытта оқушылар осы жобамен бірлесе жұмыс жасайтын болады.