Красный Яр ауылының №3 көпсалалы орта мектеп-гимназиясында 2021 жылы 15.02.-19.02. күндер аралығында «Бейіндік оқыту- оқушы қызығушылығына сай саралай оқыту» тақырыбында гимназия сыныптарындағы факультатив апталығының жоспарына орай 7 «А» сыныбында биология пәнінің мұғалімі Кулыбекова Б.Е. «Адам және ғылым» тақырыбында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq saraiy» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорнында жұмыс атқаратын биология пәнінің мұғалімі Кошанов Серік Сүлейменұлымен онлайн түрінде кездесу өтті. Мақсаты: ғылымның адам өміріндегі маңызын ашу арқылы оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ғылымның әр саласына бағыт-бағдар беру. Серік Сүлейменұлы оқушыларға биология және экология бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.