Текст
Красный Яр ауылының №3 көпсалалы орта мектеп-гимназиясында 2021 жылы 15.02.-19.02. күндер аралығында «Бейіндік оқыту- оқушы қызығушылығына сай саралай оқыту" тақырыбында гимназия сыныптарында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.С.Даулетбаева «English through Drama» тақырыбында Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры актерлері Шайсултанов Асланбек Амангелдіұлы және Шайсултанова Әсем Берікқызымен онлайн кездесу өтті. Мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру. Ауыз екі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын ояту, сөздің мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу.