Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп - гимназиясында Ақмола облысының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл" агенттігінің жоспарына сәйкес "Сұлтанмахмұт Торайғыровтың әділдік философиясы" тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Мақсаты: ақынның адалдық жайлы айтқан ойлары арқылы оқушыларға әділдік, шыншылдық сияқты адами құндылықтарды бойларына сіңіру, олардың адамдар үшін маңызы жайлы, адалдық пен шыншылдыққа, әділдікке бағдарлай отырып, әдептілік ережелерін қадағалауды үйрету.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ классикалық әдебиетінде ұлы Абай қалыптастырған көркемдік дәстүрлерді байытып жалғастырушы суреткер. Ол өз заманының ең мәнді, көкейкесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын, қоғам мен адам өміріндегі алуан шындықтар көрінісін шығармаларына арқау етті. Ақынды толғандырған мәселелер бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Автордың пікірінше, әділдік қана адамдарды «өзара таласудан», «адамның көз жасынан» және «қан төгуден» құтқара алады. Әділдік – бұл «бақыт пен күштің кілті».
Оның сөздері жас ұрпақ үшін бағдар және мәңгілік темірқазық болып қала бермек.