Текст
Орыс тілі мен әдебиет Апталығының аясында Красный Яр ауылының №3 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сабиржанова Гульнара Кенесовна 1«А» сыныбында «Пишем историю про репку» атты ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды шағын мәтіндерді мазмұндау, толық сөзбен оқу, постер құрастыру, суреттегі заттарға сипаттама беруге үйрету. Сабақ барысында оқушылар белсене қатысып, ертегідегі кейіпкерлерінің реттігін дұрыс аңықтап, бірлесіп жұмыс жасау- жақсы нәтиже әкелетінің қортынды шығарды.