"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік тілде оқытатын мектепте тәлімгер бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

05.01.2025

 

«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылының №3  көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік  тілде оқытатын мектепте тәлімгер   бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

(1 жүктеме)

Лауазымдық жалақы 171307  теңге

 Лауазымдық міндеттері: "Жас қыран", "Жас ұлан" балалардың қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің қызметін дамытуға ықпал етеді.

       Білім алушыларға олардың бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді.

       Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жұмысты жүзеге асырады.

       Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады.

       Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істейтін ұйымдар, бірлестіктер туралы кеңінен ақпараттандыру үшін жағдай жасайды.

       Білім алушыларға азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсетуге, өз мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды.

       Білім беру ұйымдарында мәдени-көпшілік, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілерге тәрбие жұмысын, балалардың танымдық бос уақытын ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

       Білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалысын ұйымдастырады.

      Білім алушылармен жұмыстың инновациялық тәжірибесін зерделейді және пайдаланады.

      "Қоғамға қызмет ету", "Туған елге тағзым", "Үлкенге ізет", "Ата-анаға құрмет" қоғамдық маңызды жұмыстарды ұйымдастырады.

      Балалар ұйымдарының, бірлестіктердің бастапқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыларын) іріктеу және дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

      Өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымының педагогикалық ұжымымен, қоғамдық ұйымдармен, білім алушылардың ата-аналарымен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста жұмыс істейді.

        Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

      Оқушылар, тәрбиеленушілер арасында академиялық адалдық қағидалалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.

      77. Білуге міндетті:

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

       педагогика мен психологияны, физиологияны, гигиенаны, балалар қозғалысының даму заңдылықтары мен үрдістерін,

       бос уақытты өткізу қызметін, демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемесін, еңбек туралы заңнама негіздерін,

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік мен өртке қарсы техниканы, санитарлық ережелер мен нормаларды.

       78. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе басқа кәсіптік білім немесе қайта даярлау курстарынан өткендігін растайтын құжат немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шеберге арналған вожатый лауазымында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

       Және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

      79. Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог – модератор":

       санаты жоқ педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      балалармен жеке және топтық жұмыстарды өз бетімен ұйымдастыра білуі тиіс.

      2) "педагог – сарапшы":

       педагог-модераторға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

       балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білу, жасөспірім мен баланың мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру дағдылары болу, өткізіп отырған тәрбие жұмыстарын талдау әдістемесінің өзіндік дағдысы болу, жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолдануға тиіс;

       3) "педагог-зерттеуші":

       педагог-сарапшыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметке өзіндік технологиялық талдау жүргізе білуі тиіс.

      4) "педагог-шебер":

      педагог-зерттеушіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

      ұйымдастырушылық және әдістемелік қызметке өзіндік технологиялық талдау жүргізе білуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конкурс"Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

 Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:

 

Мектептің мекен -жайы: Красный Яр ауылы Тәуелсіздік 10

Автобус маршруттары: №12(Орталық аялдамасы)  № 13 (Казпочта аялдамасы)                                      

Толық ақпаратты мектептің сайтынан ала аласыздар: http://sc0021.kokshetau.aqmoedu.kz/

Мектептің байланыс телефоны  : 8(716)2 40-45-90

Түйіндемені мектептің электронды мекен -жайына жіберу: kkssh3@mail.ru

Просмотров: 53


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст