Текст
"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" КММ-нде Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 наурыздағы # 10 қаулысына сәйкес мектеп асханасы жұмысын бастады. 1 сынып оқушылары, көпбалалы отбасы балалары, ата - ана қамқорлығынсыз қалған отбасы балалары тегін ыстық тамақпен қамтылды. Буфет жұмысы жандандырылды.