02.04.2021 жылы Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясында "Үздік педагог -2021" байқауы өтті» Бұл конкурс оқушыларды оқытуда іс-әрекеттік көзқарас идеяларын практикада іске асыратын шығармашыл жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау; мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау және көтермелеу; педагогикалық тәжірибені жалпылау нысандарын жетілдіру мақсатында өткізілді. Бірнеше күн бойы қазылар алқасы бейне презентациялар мен байқауға қатысушылардың портфолиосын қарады. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, педагог-зерттеуші Бексұлтанова Индира Сағынайқызы таныстырды ."Үздік педагог – 2021" байқауының қорытындысы бойынша Индира Сағынайқызы "Үздік педагог - зерттеуші"номинациясына ие болды. Біз жеңісіңізбен әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз және оған шығармашылық жеңістер тілейміз!