Текст
02.04 2021 жылы Ш .Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық университетінің филология және педагогика факультеті , орыс филологиясы және кітапхана ісі кафедрасы 11 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиада өткізді. Красный Яр ауылындағы № 3 көпсалалы мектеп – гимназиясының 11 "А" сынып оқушысы Дауренбекова Айсара орыс тілі мен әдебиеті пән олимпиадасына қатысып, сертификатпен марапатталды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кулымбасова Алтынай Бахытовна пәндік олимпиадаға оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!