Текст
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.
❗Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Сұрақтар туындап жатса 40-45-90, 87087739130 номерлеріне хабарласуларыңызға болады.