2025 жылдың 15 сәуір күні Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, Алматы облысы білім басқармасы, Алматы облысының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Есік қаласында «Функционалдық сауаттылық: тиімді әдістер мен тәжірибелер» тақырыбында республикалық семинар өткізілді. Алматы облысы білім басқармасының басшысы Беспаева Салтанат Дауыспекқызы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясынан Акатаева Айнұр Сламовна, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, PhD, 1-4 сынып «Математика» оқулығының авторы сөз сөйлеп республикалық семинардың ресми бөлімін ашты. Семинарға республикамыздың әр облысынан ұстаздар қатысып өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Красный Яр ауылының # 3 көпсалалы мектеп - гимназиясы директордың бейіндік жұмысы жөніндегі орынбасары, бастауыш сыныптың педагог - зерттеуші ұстазы Ахметбекова Алмагуль Айтмуханбетовна іс - тәжірибесін таратты.