"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Атама, Жеңіс үшін рахмет!!!"

13.05.2021

"Атама, Жеңіс үшін рахмет!!!" 
#3Красный Яр ауылының көпсалалы мектеп-гимназиясының 2 А сынып окушысы Баян Аяулымның Ұлы атасы Әбілқадірұлы Тоқсанбай бұрынғы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы, Баратай ауылында 1925 жылы 10 қазан айында дүниеге келген.  1943 жылдың 1 қаңтар айында 18 жасында Көкшетау аудандық әскери комиссариатына әскерге шақырылып , соғысқа аттанады. 
Сол жылы 18 ақпан айында Отан алдындағы борышын адал өтеу үшін әскери антын тапсырғаннан кейін 579-шы атқыштар полқында қатардағы жауынгер ретінде жау баскыншыларынан елімізді азат ету қан майданына араласып та кетеді. 1944 жылы 26 ақпан айында ерліктерімен көзге түсіп " За отвагу" ( Ерлігі үшін) медалімен марапатталады. 1945 жылдың 9 тамыз айының 3 қыркүйекке дейін 597-шы атқыштар полкының катарында жүріп , Жапон елінің империалистеріне қарсы соғысқа қатысып , " Жапон елін жеңгені үшін" медалімен марапатталады. Ел басына күн туса , ер етікпен су кешер заманының ақыры да жеткен кезде , атам 1946 жылы " Германия елін жеңгені үшін" медалімен марапатталады. Мәскеуде Қызыл алаңда әскери парадқа қатысып, 1948 жылы қаңтар айында ғана туған еліне оралады.

Просмотров: 137


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст