Текст
Бүгін мектебіміздің “Болашақ” жазғы лагерінің алғашқы күнінде балалар үшін қызықты әрі пайдалы іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп-гимназия психологы А.Д. Турсумбаева жазғы сауықтыру алаңында оқушылармен “Менің көңіл-күй әлемім” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Шараның мақсаты – оқушыларға жағымды эмоция сыйлау, сондай-ақ топ ішінде өзара сыйластық пен сенімді қарым-қатынас орнату болды.Тренинг барысында балалар түрлі эмоциялық жаттығулар мен ойындарға қатысып, өз көңіл күйлерін білдіруді, бір-бірін түсінуді және құрметтеуді үйренді. Сонымен қатар, лагерь қатысушыларына ыстық тамақ ұсынылып, көңілді ойындар ойнатылды.