Бүгінгі күн – Болашақ жазғы лагерінде жарқын әрі мазмұнды басталды.
Оқушылар таңертең дене шынықтыру жаттығуларын жасап, күнді сергек көңіл-күймен қарсы алды. Осыдан кейін “Балаларға қауіпсіз интернет күні” атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларға интернетті дұрыс әрі тиімді пайдалануды үйрету, оның пайдасы мен зияны туралы түсінік беру. Іс-шара барысында балалар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, өз ойларымен бөлісіп, белсенді пікірталас жүргізді.
Күннің екінші жартысында түрлі үйірмелер жұмысын жалғастырды.
Кітапхана үйірмесінде оқушылар “Әжем айтқан ертегі” тақырыбында кітап оқып, оның мазмұнын талдап, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға берді. Бұл балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, сыни ойлау қабілетін дамытты.
Компьютер үйірмесінде оқушылар жаңа ойындар құрастырып, өз ойларынан жазып үйренді. Бұл олардың цифрлық сауаттылығын арттырып, логикалық ойлау мен шығармашылыққа баулыды.
Ал ән үйірмесінде балалар жаңа ән үйреніп, оны орындап берді. Ән айту – олардың өнерге деген қызығушылығын оятып, сахна мәдениетін қалыптастыруға үлкен әсерін тигізді.
Осылайша, Болашақ жазғы лагеріндегі бүгінгі күн балалар үшін пайдалы, қызықты әрі көңілді өтті. Әрбір оқушы өзіне жаңа нәрсе үйреніп, жаңа әсер алды.