Құттықтаймыз!

11.06.2025

Арайлым -  кішкентайынан спортты жақсы көретін қыз. Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп - гимназиясының 4 "В" сынып оқушысы Қайыртай Арайлым салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысуына ата - анасы қолдау жасап, "Қазақша күрес" үйірмесіне беріп отыр. Арайлым қалалық, облыстық, республикалық жарыстардың жүлдегері. 2025 жылы  2 - 7 маусым  күндері Ресей мемлекеті,  Ленинград облысы, Выборг қаласында өткен халықаралық  жарыста ІІ орын алып, күміс медаль иеленді. Алдағы уақытта Арайлымға тек жеңіс тілейміз!

Просмотров: 109


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу