Текст
“Болашақ” жазғы лагерінің 2-ауысымының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара ерекше көңілді әрі әсерлі өтті. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында анимациялық кейіпкерлер – Аю мен Қоян арнайы қонақ ретінде шақырылды. Олар балалармен ойындар ойнап, түрлі қызықты қойылымдар көрсетті. Мерекелік бағдарлама барысында әсем әндер шырқалып, көңілді билер орындалды. Балалар мен тәрбиешілер шат-шадыман күйде, жазғы демалыстың жаңа кезеңін қуанышпен бастады.