Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың І (мектепшілік) кезеңі 2025 жылғы 24-26 қыркүйек аралығында өтеді.
Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы.
Ақмола облысынан Олимпиадаға 9-11 сынып ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын 4023 оқушылары қатысады. Бірінші кезең онлайн-платформада өтеді: 1 парта – 1 қатысушы – 1 компьютер.
Олимпиада 13 жалпы білім беретін пәндер бойынша өтеді. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: математика, физика, химия, биология, информатика және география. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі.
Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:
бірінші кезең (мектепшілік) – қыркүйек айы;
екінші (аудандық) – қазан айы;
үшінші (облыстық) – қараша айы;
төртінші (республикалық) – ағымдағы жылдың желтоқсан айы.