"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылдың 10 қазаны күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Ақмола облысының филиалының тыңдаушылары «Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп арасындағы математикалық білім беру мазмұнының сабақтастығы» тақырыбындағы облыстық көшпелі-тәжірибелік семинарға келді.

13.10.2025

2025 жылдың 10 қазаны күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Ақмола облысының филиалының тыңдаушылары «Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп арасындағы математикалық білім беру мазмұнының сабақтастығы» тақырыбындағы облыстық көшпелі-тәжірибелік семинарға келді. 
     Семинар барысында  1«Б» сыныбының мұғалімі Улболсын Нуркановнаның ашық сабағы  жоғары деңгейде өтті. Сабақтың құрылымы, мақсат-міндеттерінің нақтылығы және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуы айқын көрінді. Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, тапсырмаларды ынтамен орындады. Сабақта қолданылған көрнекіліктер мен ойын элементтері оқушылардың қызығушылығын арттырды.
       Мектепалды дайындық «А» сыныбында Эльмира Эдуардовнаның сабағы да   жоғары деңгейде өтті. Сабақтың мақсаты нақты қойылып, кезеңдері жүйелі түрде ұйымдастырылған.  Оқу іс-әрекетінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, түрлі ойын, көрнекілік және интерактивті әдістерді тиімді пайдаланды. Балалар белсенді, ынталы және тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Ашық сабақтар мазмұнды, мақсатқа сай және тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Ал шебер сыныптарды бастауыш сынып мұғалімдері Гульдарай Султанбековна,  Мурат Айсауле мектепалды даярлық сынып пен бастауыш буын арасындағы сабақтастықты тиімді әдіс-тәсілдер арқылы нақты мысалдармен көрсетті. Ұстаздар өз тәжірибелерін ұтымды бөлісіп, оқу іс-әрекетінің бірізділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын дәлелді түрде қамтыды. Шебер сынып барысында қатысушылардың белсенділігі, кәсіби ынтымақтастығы және шығармашылық көзқарасы ерекше байқалды. Шебер сынып мазмұнды, тәжірибе алмасуға бағытталған, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік берген іс-шара болды. Мектеп психологы Арайлым Хабибулловна «Бірлік пен сенім - ұжым тірегі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп жағымды атмосфера қалыптастырды.

Просмотров: 2


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст