Текст
15.10.2025
14 қаңтар күні сағат 12:30-да Canva платформасымен жұмыс істеуге арналған шеберлік сыныбы өтті. Бұл шараға мұғалімдер қатысып, платформамен жұмыс істеу тәсілдерін үйренді.
Canva платформасы — мұғалімдер үшін өте тиімді құрал. Онда оқушыларға арналған түрлі тапсырмалар мен көрнекіліктерді дайындауға, сонымен қатар әдемі және мазмұнды презентация шаблондарын жасауға мүмкіндік бар. Мұғалімдер бұл платформаны сабақта тиімді пайдаланып, оқу процесін қызықты әрі креативті ете алады.