"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылдың 13–24 қазан аралығында бастауыш сыныптарда «Бастауыш сыныптағы инновациялық технологиялар» атты онкүндік өткізілді.

24.10.2025

2025 жылдың 13–24 қазан аралығында бастауыш сыныптарда «Бастауыш сыныптағы инновациялық технологиялар» атты онкүндік өткізілді. Онкүндік «Болашақтың баспалдағы – бастауыш» атты салтанатты сап түзеумен ашылып, ұстаздар мен оқушыларға ерекше серпін сыйлады.
     Онкүндік аясында оқушылар үшін қызықты үзілістер ұйымдастырылып, оқу мен демалыс кезеңдері тиімді үйлестірілді. Мұғалімдерге арналған «Canva платформасымен жұмыс» тақырыбындағы семинарда цифрлық құралдарды сабақ үдерісінде тиімді пайдалану тәсілдері таныстырылды.
Білім мен өнерді ұштастырған «Кім жылдам?» эрудит сайысы мен туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптеген «Туған жер тұғырым!» аймақтық мәнерлеп оқу байқауы жоғары деңгейде өтті.
       Ата-аналар мен оқушылардың өзара байланысын нығайту мақсатында «Бала мен ата-ананың арманы – бір мамандықта тоғыса ма?» атты пікірталас пен «Екі жұлдыз» шығармашылық сайысы ұйымдастырылып, ерекше әсер қалдырды.
       Мұғалімдерге арналған «ЖИ – мұғалімнің көмекшісі» шеберлік сыныбында жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдары көрсетілді.
      Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты нығайту мақсатында «Сабақтастық – баланың білім жолындағы алғашқы баспалдағы» атты семинар өткізілді. Сондай-ақ, шығармашылық қабілеттерді дамыту бағытында «Кәсіпке қадам – ертегілерден басталады» атты ертегілер қойылымы мен 2-сынып оқушыларына арналған «Сиқырлы алаң» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.
       Жылдық жоспарға сәйкес, «Нұрсая» бөбекжайымен бірлесе отырып, оқушылар арасында ұлттық дәстүрді дәріптеген «Бестемше» ұлттық ойыны өткізілді. Бұл сайыс оқушылардың қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі.
       Онкүндік аясында ашық сабақтар да өткізіліп, тәжірибе алмасу тиімді ұйымдастырылды.Онкүндік барысында өткізілген әрбір іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, ата-анамен өзара ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал етті.
      Онкүндіктің жабылу салтанатында белсенділік танытқан оқушылар мен ұстаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, іс-шара жоғары көңіл күйде қорытындыланды.

Просмотров: 45


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст