2021 жылдың 2 маусым күні Красный Яр ауылының №3 мектеп-гимназиясының «Болашақ» жазғы сауықтыру алаңы" өз жұмысын жалғастырды. Жоспарға сәйкес барлық үйірмелер өз жұмыстарын уақытымен орындады. Оқушылар үйірмелерге қатысып, өнерлерін жүзеге асырды. Спорт үйірмесінің жетекшісі Б.Д. Нұрбаев балалармен таңғы жаттығулар жүргізді, жаттығу барысында оқушыларға «Әртүрлі қимыл жаттығулар», «Қызықты эстафета» жарыс түрлерімен, ойындар өткізді. Мектеп психологы А.Д. Турсумбаева «Кім қалай жүреді», «Джунглидағы жаңбыр», «Кім,нені жақсы көреді?» атты тақырыптарда тренинг, жаттығулар өткізді. Оқушылар «Музыка», «Қолөнер», «Кітапхана», «Информатика», үйірмелеріне қатысып, көптеген қызықты ақпараттар алды. Қорытындылай келе балалар алған әсерлерін сұрақ-жауап арқылы айтып, бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.