Текст
05.12.2025
2025 жылдың 4 желтоқсан күні Көкшетау қаласының Жас өрт сөндіруші СПЧ-2 мекемесіне біздің мектептің 8, 9, 10-сынып оқушылары арнайы барып, маңызды ақпараттарға қанығып қайтты.
Экскурсия барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері, арнайы техникалардың жұмысы және өрт сөндірушілердің қызметтік міндеттері таныстырылды. Балалар үшін бұл — жауапкершілік пен батылдықты сезінуге мүмкіндік берген әсерлі іс-шара болды.
Шара жетекшісі: Абылкаликов Н.Т.