Текст
05.12.2025
Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында химия, биология және география пәндерінің апталығы аясында 9-10 сынып оқушыларымен "Адамзаттың басты экологиялық мәселелерін тек пәнаралық байланыс шеше алады" тақырыбында дебат ойыны өтті. Бұл шараның мақсаты - оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру, пәнаралық байланыстың маңызын ұғындыру, сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлау мен дәлелдей білу қабілетін дамыту. Дебат барысында қатысушылар өз пікірін нақты жеткізіп, қарсы тараптың уәжіне уақытылы жауап беріп, өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.