Текст
11.12.2025
Мектебіміздің мақтанышы, Жанатқазы Ақерке 2025-2026 оқу жылында 7-8 сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінен физика пәнінен І орын иеленді. Ақерке мақсатқа жету жолындағы талпынысы мен жауапкершілігінің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, мектебіміздің абыройын арттырды.
Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра беріңіздер деп Ақерке мен физика пәні мұғалімі Раушан Канашевна Гаппасованы құттықтаймыз!