2021 жылдың 4 маусым күні Красный Яр ауылының №3 мектеп-гимназиясының «Болашақ» жазғы сауықтыру алаңы жоспарға сәйкес өз жұмысын жалғастыруда. Мектеп психологы А.Д. Турсумбаева оқушыларға «Сергіту сәті», «Шапалақты тыңда, «Сиқырлы шарлар» ойын, жаттығуларын өткізді. «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Айтенова Б.У оқушыларға «Туған жер» тақырыбында сурет салғызып, топтық жұмыс жасатты. Оқушылар туған жерге деген махаббаттарын, сүйіспеншіліктерін айтып, өз ойларын ортаға салды. «Кітапхана» жетекшісі Ш.Е Омарова оқушыларға ребус, сканворд жаттығуларын орындатып, оқушы бойында қызығушылықтарын оятты. Г.Е Садыкова оқушыларға «Әжетайым»әнін айтқызып, осы өлең шумағы арқылы үлкендерді сыйлауға, кішіпейіл болуға бейімдеді. Театр үйірмесінің жетекшісі Н.Ж. Қалауова «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін сипаттап, оқушылар сол кейіпкерлердің рөліне кіріп , ертегінің болмысын бейнеледі.. Қорытындылай келе осы күні лагерь қызметкерлері жұмыстарын жоғары деңгейде орындап, оқушыларды қызықтыра білді.