13.01.2026
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының қаңтар айына жоспарланған “Заң және тәртіп» айлығы барысында оқушылардың құқықтық санасын, буллинг мәселесі мен оның салдарын түсіну және буллингтің алдын алу іскерлігін қалыптастыру мақсатында 9 «А» сыныбында «Мектептегі буллинг : кім кінәлі және не істеу керек?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ психологиялық тренингпен басталып, балалар топқа бөлініп, әр топ буллингтің не екенін, оның қандай түрлерін білетінін, қай жерде болуы мүмкін екенін талқылап, өз ойларын жазды. Содан кейін әр топ өз ойларын сыныпқа ұсына білді.Сабақ барысында буллингтің түрлеріне тоқтап,буллингтің салдары,қалай күресуге болатыны талқыланды.Сонымен қатар құқықтық база негізінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30-бап: білім алу құқығы. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы, 19-бап: зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғау,Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, б. 127-2-бап: Буллинг заңдарына тоқталып,оқушыларға толық мағлұмат берілді.
Сынып сағатының соңы тақырыпқа сай трендпен аяқталды.