27.01.2026
Директор жанындағы отырыс – бұл білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған, оқу - тәрбие жұмыстарының өзекті мәселелері қаралатын алқалы жиын.
Отырыс барысында келесі мәселелер мен тақырыптар талқыланды:
🔹 Электрондық жүйелердегі мәліметтердің толықтығы (BilimClass, ҰБДҚ)
🔹 Гимназия сыныптарының білім сапасына жүргізілген талдау:
– үздік оқушылар білімінің сәйкестігі
– олимпиадалар мен сайыстарға қатысу нәтижелері
– сыныптардың жалпы контингенті
🔹 «Әр кезең – жаңа белес: 1, 5, 10 - сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері мен тиімді қолдау жолдары» тақырыбындағы баяндама.
🔹 Әдістемелік бірлестіктердің жұмыс тиімділігі, жоспар бойынша атқарылған жұмыстардың есебі.
🔹 Дайындық сыныбында жүргізілген деңгейлік мониторинг қорытындысы.
Жиын барысында өзекті мәселелер талданып, алдағы жұмыстарға нақты бағыт - бағдар берілді.
Білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.