Текст
23.02.2026
Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы 11 «Б» сынып оқушыларымен «Жанжалдың нәтижесі үшін жауапкершілік» тақырыбында Қауіпсіздік сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға жанжалдың алдын алу жолдары, құқықтық жауапкершілік және өз іс-әрекетіне жауап беру мәдениеті түсіндірілді. Түрлі жағдаяттар талқыланып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Сағаттың мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, өзара сыйластық пен қауіпсіз орта қалыптастыру.