Текст
05.03.2026
3 "А" сыныбында мұғалімі Даниярова Асия Жамбуловнаның ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Іс-шара барысында оқушылар аналарға арналған жылы лебіздерін білдіріп, өлеңдер оқып, әндер орындады.
Сынып сағатының мақсаты – анаға деген құрметті арттыру, қыз балаларды сыйлауға тәрбиелеу және мерекенің маңызын түсіндіру болды. Оқушылар мерекенің шығу тарихы туралы мәліметтер айтып, қызықты ойындар ұйымдастырды.
Іс-шара өте әсерлі әрі көңілді өтті. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде болды.