Текст
Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп - гимназиясында 2021жылдың 14 маусымында "Тәуелсіздік ұландары" тақырыбымен 11"А", "Б" сынып оқушыларына аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті. Жас түлектерге аттестат ты Красный Яр ауылының әкімі Тасқынбаев Ардақ Тасқынбайұлы салтанатты түрде табыстады. Жас түлектерге ақ жол тілеп, Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне өз үлестерін қосатын білімді де білікті мамандық иесі болуларына тілек білдірді.