Текст
07.04.2026
7 сәуір күні 10 «Б» сыныбында Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға денсаулықтың маңыздылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.Сынып сағаты барысында оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі ең басты құндылық екенін талқылады. Олар дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, зиянды әдеттерден аулақ болу және күн тәртібін сақтау туралы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, әртүрлі қызықты тапсырмалар мен сұрақ-жауап арқылы оқушылардың белсенділігі артты.Іс-шара өте қызықты әрі пайдалы өтті. Оқушылар денсаулықты сақтау – әр адамның өз қолында екенін түсініп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырылды.