Текст
14.04.2026
Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп – гимназиясында кітапханасына «Балалар кітапханасы» жобасы аясында сәуір айының жоспары негізінде 10 сәуір күні 3 сынып оқушыларымен «Кітап – өлшеусіз қазына» тақырыбында мақал-мәтел, жұмбақ шешу қызықты сағат өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға мақал-мәтелдер мен жұмбақтар арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, тапқырлыққа, жылдам ойлауға тәрбиелеу, халық ауыз әдебиеті үлгілері (мақал-мәтелдер, жұмбақтар) арқылы тіл мәдениетін дамыту, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.