Текст
15.04.2026
Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі онкүндігі аясында 9 «А» сынып оқушылары және ағылыш тілі мұғалімі Даукенова Айнұр Кенжебаевна «Five o’clock tea time» дәстүріне арналған қызықты бейнеролик дайындады. Бейнеролик барысында оқушылар ағылшын халқының шай ішу мәдениетінің тарихымен таныстырып, оның шығу тегі мен ерекшеліктерін атап өтті. Шығармашылық жұмыс оқушылардың тілдік дағдыларын дамытып қана қоймай, олардың мәдениетке деген қызығушылығын арттырды.