Текст
16.04.2026
2026 жылдың 16 сәуір күні мектебімізде «Ашық есік» күні аясында 1«Б» сыныбында ата-аналардың қатысуымен математика сабағы өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Монеталардың құны. Баға».Сабақ барысында оқушылар монеталардың құнын ажыратып, баға ұғымын түсініп, өз білімдерін тәжірибе арқылы көрсете білді. Ата-аналар оқу процесіне қатысып, балалардың белсенділігі мен қызығушылығына куә болды.Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мақсатқа сай өтті. Оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды жақсы орындады. Ашық сабақ барша қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.