17.04.2026
Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында ағылшын тілі онкүндігі аясында 16 сәуір күні мектебімізде «Two Stars» атты ұстаз бен шәкірт арасындағы шығармашылық дуэт байқауы өтті.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің бірлескен өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, әсем әндер орындады. Бұл шара ұстаз бен оқушы арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, сахналық мәдениетті дамытуға ықпал етті.
Аталған іс-шараға №9 орта мектеп, Красный Яр ауылының №1 және №2 орта мектептері, сондай-ақ №15 орта мектептің ұстаздары мен оқушылары қатысып, өзара тәжірибе алмасып, өнерлерін ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша:
• Бас жүлде – №9 орта мектепке;
• I орын – Красный Яр ауылының №1 орта мектебіне;
• II орын – Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясына;
• III орын – Красный Яр ауылының №2 орта мектебі мен №15 орта мектепке бұйырды
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!