Текст
04.06.2026
📘 Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
📌 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдауды кезең-кезеңімен ұйымдастыру кестесін бекітті.
📅 Құжат қабылдау Ақмола облысы (Көкшетау қаласы) бойынша 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін барынша ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
💻 Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ білім беру ұйымдарына тікелей жүгіну арқылы тапсыруға болады.
📞 Байланыс телефоны: 40-45-90