Текст
18.06.2026
16 маусым 2026 жылғы жазғы сауықтыру лагері аясында Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында кітапхана сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, кітаптың құрылымы мен тарихымен таныстыру, кітапты ұқыпты ұстауға және құрметтеуге үйрету.
Сабақ барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, бастауыш және орта буын оқушыларына арналған кітаптар ұсынылды. Оқушылар кітаптармен танысып, өздеріне ұнаған кітаптарды алып оқыды. Сондай-ақ, балалар таза ауада кітап оқып, шығармалардың мазмұнымен танысты. Бұл іс-шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, бос уақыттарын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге мүмкіндік берді.