Текст
23.06.2026
23.06.2026 «Болашақ» жазғы мектеп жанындағы сауықтыру алаңында ағылшын тілі үйірмесінде жас детективтеріміз қызықты «Secret Detectives Searching for Clues» тақырыбында шытырман сабаққа қатысты. Балалар ойын арқылы жаңа сөздерді меңгеріп, тапсырмаларды орындау барысында ағылшын тілінде еркін сөйлеуге жаттықты.
Сабақ барысында: Жасырылған заттарды іздеп, олардың орнын ағылшын тілінде атады; «Detective Training» ойынында нағыз детективтерге айналды;
«Find the Missing Diamond!» миссиясында бөлме ішіндегі жасырын белгілерді тауып, қазынаға жетті; «Where is it?» ойынында ойыншықтардың орналасуын сипаттады.