"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп - гимназиясы" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
Коммунальное Государственное учреждение "Многопрофильная школа  - гимназия №3 села Красный Яр отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балардың құқықтарын қорғау қызметі

12.08.2026

Астананың, облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне

 

«111» байланыс орталығының ақпараттық

тақтайшаларын орналастыруға қатысты

 

           Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

           Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жүйесін нығайту жөніндегі заңнамалық және стратегиялық шаралар іске асырылуда.

           Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Заңның нормалары елімізде алдын алу, анықтау, жазалау және көмек көрсету деңгейлерінде балалардың құқықтарын қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастырды[1].

           Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі «111» байланыс орталығы балалардың құқықтарын қорғауға, суицидтің, буллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және дағдарыстық жағдайларға жедел ден қоюға арналған маңызды құралға айналды.

           Барлық мектептер мен колледждерде орналастырылған QR-кодтардың көмегімен балалар өз құқықтарының бұзылу фактілері туралы құпия түрде хабарлай алады. Бұл мемлекеттік органдарға мұндай фактілерге уақтылы ден қоюға, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға және балаларға қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

           Анықтама: 2025 жылы балалардан 124 461 өтініш, 2026 жылдың 6 айында 32 298 өтініш келіп түсті, мемлекеттік органдар тиісті жедел көмек көрсетті.

           2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде[2] (30-тармақ) Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен келісе отырып «111» байланыс орталығының QR-коды бар тақтайшалардың бірыңғай дизайны мен оларды орналастыру қағидалары жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды және ұсынылатын форматты әзірледі.

           Министрлік 2026–2027 оқу жылы басталғанға дейін республикадағы білім беру ұйымдарында білім алушылар болатын барлық аймақтар мен орындарға тақтайшаларды дайындап, орналастыру үшін олардың макетін жолдайды.

           Тақтайшаларды дайындау кезінде әрбір нақты білім беру ұйымы үшін қалыптастырылған жеке QR-кодты бекітілген макетке енгізе отырып пайдалану қажет.          

           Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында көзделген іс-шараларды іске асыру мақсатында орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында «111» байланыс орталығының QR-коды бар арнайы тақтайшаларды орналастыруды қамтамасыз етуді сұраймыз.

           Тапсырманың орындалуы туралы Министрлікке 2026 жылғы 24 тамыздан кешіктірмей ақпарат беруді сұраймыз.

           Сонымен қатар, 2026 жылғы 29 шілдедегі № 3-21-7/5283-И хаттың кері қайтарылатынын хабарлаймыз, осыған байланысты аталған хат жарамсыз деп танылып, орындалмай қалдырылсын.

Қосымша: «111» байланыс орталығының QR-коды бар ақпараттық тақтайшасының ұсынылатын үлгісі, әдістемелік ұсынымдар 23 бетте.

 

 

Вице-министр                                                                         Ш. Ақпарова

 

 

 

1. Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 15 сәуірдегі әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Заңы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 56 қаулысымен бекітілген.

 

Просмотров: 9


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст