2026 жылдың 24 қыркүйек күні Ауыл олимпиадасына қатысатын 9-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып, олимпиадаға дайындық және психологиялық қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді.
25.09.2026
2026 жылдың 24 қыркүйек күні Ауыл олимпиадасына қатысатын 9-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып, олимпиадаға дайындық және психологиялық қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.С. Мажикова оқушыларға олимпиаданың ережелері мен талаптарын түсіндіріп, жарыс барысында сақталуы тиіс негізгі тәртіптермен таныстырды.
Мектептің педагог-психологтары А.Х. Агайдарова және А.Д. Турсумбаева олимпиадаға қатысатын оқушылармен психологиялық жаттығулар жүргізіп, жарыс алдындағы қобалжу, қорқыныш және алаңдаушылық сезімдерін жеңуге бағытталған шағын кеңестер мен ұсыныстар берді.
Оқушыларға өз күшіне сену, жағымды ой қалыптастыру, тыныс алу жаттығулары арқылы эмоционалдық жағдайын реттеу және олимпиада барысында өз-өзіне қолдау көрсету жолдары түсіндірілді.