«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ!
12.10.2026
🏆 «АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ! 9 қазан күні 5–6 сынып оқушылары арасында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, математикалық сауаттылығын арттыруға және білімге деген қызығушылығын нығайтуға бағытталған «Алтын сақа» олимпиадасы өткізілді. Білім додасында 22 оқушы қатысып, өз білімдерін сынап, тапқырлықтары мен алғырлықтарын көрсетті.«Алтын сақа» олимпиадасы – оқушылардың қабілеттерін шыңдап, зияткерлік әлеуетін дамытуға жол ашатын маңызды білім сайысы. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Әрдайым биік белестерді бағындырып, білім бәйгесінде топ жара беріңіздер!
Просмотров: 9