Бастауыш апталығы аясында М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына «Бір айда – бір кітап, бір жылда – білімді ұрпақ»тақырыбында 2 «А» және 2 «Ә» сынып оқушыларымен мұғалімдері Абилова А.А., Оспанова С.Т. саяхат жасады.

13.10.2026

Бастауыш апталығы аясында М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына «Бір айда – бір кітап, бір жылда – білімді ұрпақ»тақырыбында 
 2 «А» және 2 «Ә» сынып оқушыларымен мұғалімдері Абилова А.А., Оспанова С.Т. саяхат жасады. 
Мақсаты: Оқушыларды кітапханамен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Оқу жылының жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларымен М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханаға танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат барысында кітапхана қызметкерлері балаларды кітапхананың құрылымымен, кітап қорымен, оқу залдарымен таныстырды. Балаларға кітапты қалай алуға болатыны, абонемент және оқырман билеті туралы түсіндірілді. Сирек кездесетін кітаптар көрмесі көрсетілді.

Просмотров: 12


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу