Көкшетау қаласы «Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» базасында жаңадан ашылған инклюзия кабинетінде маңызды әрі мазмұнды қалалық дөңгелек үстел өтті!
19.10.2026
Көкшетау қаласы «Красный Яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы» базасында жаңадан ашылған инклюзия кабинетінде маңызды әрі мазмұнды қалалық дөңгелек үстел өтті!
Дөңгелек үстел аясында қалалық білім бөлімінің инклюзивті оқыту бойынша әдіскері Жайлауова Гульнар Умирбековна білім беру жүйесіндегі қолдау бағыттарына тоқталды.
№16 ЖОББМ педагог-психологі Оразалина Ж.С. және №19 ЖОББМ үйлестірушісі, педагог-дефектолог Жаңғали И.Ә. әріптестермен өзара тәжірибе бөлісіп, пікір алмасты.
Шара соңында қатысушылар инклюзивті ортаны одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын білдіріп, мектеп әкімшілігі ізгі тілектері мен алғысын жеткізді.
«Инклюзия – бұл тек арнайы жағдай жасау емес, әр баланың өзін қауіпсіз, тең құқылы және қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік беретін орта қалыптастыру.»