Красный Яр ауылының № 3 көпсалалы мектеп - гимназия жанынан ашылған "Болашақ" сауықтыру алаңына отбасы жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан және ата -ана қамқорынсыз қалған 100 бала қатысты. Алаңда оқушылар "Кітап - білім бұлағы" атты кітапхана үйірмесінде жаңа келген кітаптармен танысып, ай бойына қызыға кітаптар оқыды. "Бес бармақтан бал тамған" қолөнер үйірмесінде түрлі материалдардан бұйымдар жасаса, "Театр бала көзімен" үйірмесінде сахналап ертегілер қойып, рольдер сомдап үйренді. Ал "Шынығайық" үйірмесінде қазақтың ұлттық ойындарын, эстафеталық жарыстар, дене гимнастикасын жасап, сауықтыру жұмыстарымен айналысты. "Компьютер және мен" үйірмесінде слайд жасап, түрлі жаңашыл бағдарламалармен жұмыс жасап үйренді. Сауықтыру алаңына келген әр оқушы өзіне рухани азық алып, риза болып қайтты.