Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ 2021 жылғы 01 қараша күні «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Конкурсқа қала мектептерінен 33 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Красный Яр ауылының # 3 көпсалалы мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шарипова Ляззат Умербековна ІІ орын иеленді. Жеңісіңіз құтты болсын! Шығармашылық табыс тілейміз! 💐